Мен Бағланқызы Нұрайым инфо-9 оқушысы Курсқа келгенге дейін кейбір тақырыптарды түсінуде қиындықтар болды және өзіме деген сенімім аздау еді. Сабақта ойымды еркін жеткізе алмайтынмын, ал күрделі тапсырмалар көп уақыт алатын,түсіну қиын болатын. Курс барысында маған ең көп көмектескен нәрсе мұғалімдердің и куратордың түсіндіру әдісі мен қолдауы болды. Барлық тақырыптар қарапайым әрі түсінікті түрде түсіндірілді, Қиын сұрақтар туындаған кезде әрдайым көмектесіп, түсінбеген жерлерімді қайтадан түсіндіріп отырды. Сонымен қатар, практикалық тапсырмалар арқылы алған білімімді бекітіп, жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік алдым. Осы курс арқылы өзіме деген сенімім артты, білім деңгейім жақсарды және тапсырмаларды орындау оңайырақ болды. Жаңа нәрселерді үйренуге деген қызығушылығым да көбейді. Бұл курстың ерекшелігі әр оқушыға көңіл бөлінінеді , мұнда тек білім беріп қана қоймай, әр оқушының дамуына көңіл бөлінеді.