<
>
infoLogia курсы жайлы пікірлер
Бахытжан Кәусар
МАТ-30 ағым оқушысы
Мен осы курсқа қатысып жатқаныма жақында бір ай болады. Шыны керек басында қатты ойландым қатысайынба қатыспайынба деп, бірақ мен осы курстың бірнеше тегін сабағына қатысып Диас ағайдың қалай күшті сабақ беретінін көріп қатысқым келді. Диас ағайдың сабақтары өте қызық, с нуля бәрін үйретеді. Есептің бір ғана жолын емес, бірнеше жолмен шығару жолын үйретеді, себебі - математикада шектеу жоқ, шектеу тек біздің миымызда 😉. Диас ағай сабақты қалай береді деп ойлап жүрсеңдер сендерге кеңес берем: пробный сабақтарын немесе видеороликтерін көруге. Сендерде қызығып осы курсқа жазылғыларың келіп кетеді 🤭. Сонымен қатар мен осы курсқа қатыса отырып жақсы куратор және жақсы орта таптым 🥰. Математикадан кураторым Гүлзейнеп апайға алғысым шексіз, ең жақсы куратор кім десе осы апайымды айтар едім. Барлық нәрсеге түсіністікпен қарап әрдайым поддержка беріп отырады және тәрбие конд Ұлболсын апай 🤞. Еще ПСдан беретін Ерасыл ағай сабақты күшті өтеді, апта сайын 2-3 практикалық сабақтар өту арқылы біз тақырыпты қорытамыз 😇. Тағы Илияс ағаймен де эфирлар болып тұрады, мотивациялық эфирлер: қалай жоғары бал алуға болады, қалай жоспар құруға болады — осының бәріне жауап ала аласың. Қазіргі кезде инфологияда оқып жатқаныма қатты қуанамын және сендерге айтарым: болашақ грант иегері атанғың келсе, жақсы орта, жақсы курс іздеп жүрген болсаң, біз сені infoLogia курсына шақырамыз 💋💋💋💋
Зангирова Айша
МАТ 24 ағым оқушысы
Курс жайында айта кететін болсам, Infologia курсы менің өмірімде болған жақсы өзгерістердің бірі. Бұл курстың арқасында жаңа достар таптым. Сонымен қатар, потоктастарымның арқасында бір-бірімізбен жарысып оқуды және де ұйымшыл болуды үйрендім. Ал ең маңызды сәт — Кураторым жайлы айтатын болсам, оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес шығар. Ұлбосын апайым өте өте керемет адам. Қатты сыйлаймын және бауыр басып қалдым. Осы кісінің арқасында біліп, білмейтін заттарымды үйрендім. Апайдың қолдауымен осылай алдыға жылжып жатырмын. Оқушыларға осындай жақсы мүмкіндіктер беріп жатқан Infologia курсына үлкен рахметімді айтамын 🤍
Амина
24-поток оқушысы
Инфология курсын жазғы лагерь арқылы біліп, бір апта оқығаннан кейін оқу процесі мен мұғалімдері қатты ұнағандықтан оқуға шешім қабылдадым. Қазір осы таңдауыма мүлдем өкінбеймін. ❤️ Курсқа келгеннен бері дисциплинамды көтеріп, сабаққа деген жауапкершілігім де қатты артқан. Бұрын кейде сабақ оқуға мотивация жетпей, кейінге қалдырып жүретін кездерім болса, қазір өзіме жауапкершілікпен қарауға тырысамын. Бұл жағынан кураторымыздың да көмегі өте көп, ол - Ұлбосын апаймыз. 🥺 Оны айтпасам болмайды ендіі. Әрдайым бізге қолдау көрсетіп, мотивация беріп, көмектесетін, поддержка беретін апай ❤️ Жалпы, курс мұғалімдерінің сабақ түсіндіруі, бізге деген қарым-қатынасы қатты ұнайды. Түсінбегенді қайта түсіндіріп, сұрақтарымызға жауап беруге әрдайым дайын. Ментор ағайымыз да легенда, бізге көп көмектесіп, түсінбеген нәрселерімізді оңай жолмен жеткізіп түсіндіреді. 🫶❗ ҰБТ-дан қорқатын кездерім болса да, қасымда инфология және потоктастарым бар екенін білу маған сенім береді. Осы курста өзімнің білімімді ғана емес, дисциплинамды да жақсартып келемін. Алда әлі талай көп жұмыс бар, бірақ осы жолды инфологиямен бірге жалғастырып, жақсы нәтижеге жеткім келеді. ❤️
Санжар
24-поток оқушысы
Шынымды айтсам, бұл жердің атмосферасы өте керемет, кураторымның (Ұлбосын апай ❤️🫶) жұмысы, бірге оқитын потоктастарыммен жарыса оқу өте қызық болуда. Және білімді жақсартуда ментор ағайларымның (Ибрагим ағай ✊🦁) сабақ өтуі, видеосабақтар (Диас ағай 🦁) көп көмегін тигізуде. "Инфология - жай ғана курс емес, нағыз өсетін орта". 1 айдан астам уақыт ішінде көп нәрсе үйрендім. Инфология рақмет ✊
Слямхан Шадияр
Мат 24 ағым оқушысы
«Инфология» курсында оқып жатқаныма өте қуаныштымын! Кураторым дискриминанттың 16, 25, 36 мәндері сияқты идеальная, Пифагордың теоремасы сияқты логичная, мықтылығы аксиома сияқты дәлелдеуді қажет етпейтін Ұлбосын апайға бізге көңіл бөліп, мотивация бере отырып, алға жетелегені үшін алғысымды білдіремін. Мұндағы сабақ беру форматы, материалдың түсініктілігі мен мұғалімдердің шеберлігі жоғары деңгейде. Осы курстың арқасында білімімді жақсартып, өзіме деген сенімділікті арттырдым. Жоғары нәтижеге жеткісі келетін барша оқушыға «Инфологияны» сенімді түрде ұсынамын!
Сабитбек Аяулым (ата-анасының пікірі)
Инфо-16 және Мат-17
Қызым Аяулым ҰБТ-ға дайындықтың ең мықты курстарын іздеді. Таңдауы Инфология курсы болды және бұл шешіміне өте қуаныштымын. Ұстаздар қауымы өте білімді, білікті. Сабақтары қызықты әрі түсінікті өтіп жатыр. Ең бастысы балаға деген сенім мен мотивация сыйлайды. Тәртіп пен білім қатар жүреді. Куратор Базарнай Шұғылаға алғысымды білдіремін. Апта сайын есеп беріп отырады. Әр ата-ана үшін баласының грант иегері болсын армандайтын анық. Соған апаратын жол - осы курс. Куратор Базарнай Шұғыла мен Ибрагим ағайына алғыс айтамын.

ИП "Qaldybaev"

БИН 961115301382

Телефон: +7 (706) 600-21-22

Почта: infologia.kz@gmail.com

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Калибек Куанышбаев, 15


Пользовательское соглашение


Политика конфиденциальности