Инфология курсын жазғы лагерь арқылы біліп, бір апта оқығаннан кейін оқу процесі мен мұғалімдері қатты ұнағандықтан оқуға шешім қабылдадым. Қазір осы таңдауыма мүлдем өкінбеймін. ❤️ Курсқа келгеннен бері дисциплинамды көтеріп, сабаққа деген жауапкершілігім де қатты артқан. Бұрын кейде сабақ оқуға мотивация жетпей, кейінге қалдырып жүретін кездерім болса, қазір өзіме жауапкершілікпен қарауға тырысамын. Бұл жағынан кураторымыздың да көмегі өте көп, ол - Ұлбосын апаймыз. 🥺 Оны айтпасам болмайды ендіі. Әрдайым бізге қолдау көрсетіп, мотивация беріп, көмектесетін, поддержка беретін апай ❤️ Жалпы, курс мұғалімдерінің сабақ түсіндіруі, бізге деген қарым-қатынасы қатты ұнайды. Түсінбегенді қайта түсіндіріп, сұрақтарымызға жауап беруге әрдайым дайын. Ментор ағайымыз да легенда, бізге көп көмектесіп, түсінбеген нәрселерімізді оңай жолмен жеткізіп түсіндіреді. 🫶❗ ҰБТ-дан қорқатын кездерім болса да, қасымда инфология және потоктастарым бар екенін білу маған сенім береді. Осы курста өзімнің білімімді ғана емес, дисциплинамды да жақсартып келемін. Алда әлі талай көп жұмыс бар, бірақ осы жолды инфологиямен бірге жалғастырып, жақсы нәтижеге жеткім келеді. ❤️